Балқаш халқы неге шулап жатыр?
Балқашта 300 адам коронавирус жұқтырды. Қаладағы 50 жастағы әйелдің айтуынша, індеттің ілмегіне ілінгендерді медициналық колледждің жатақханасына жатқызған. Дерттің дендегені туралы хабарламаларды ол ата-аналардың чаты мен түрлі топтарға таратқан. Бұл қаншалықты рас? Ақпараттың ақ-қарасын «АнықTime» бағдарламасы анықтады.