Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне пәтер сыйлау үшін  қандай қадамға  барғанын айтты

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында қызметкерлеріне пәтер сыйлау бастамасына қатысты тың дерекпен бөлісті, деп хабарлайды «24KZ».

Оның айтуынша, компания қызметкерлеріне баспана тарту ету үшін ол банк несиесін пайдаланған. Кәсіпкер мұндай шешім қабылдау оңай болмағанын, алайда көп жылдан бері бірге еңбек етіп келе жатқан мамандарды қолдау басты мақсат болғанын атап өтті.   

«Менде бірден 100 пәтер сатып алуға  мүмкіндігім болған жоқ. Ол үшін 2,5 млрд теңге керек болды. Ол 5 млн доллардан көп ақша болады.  Ол  үлкен сома. Менде ондай ақша болған жоқ». деді  ол.

Еске салайық, өткен жылы Тұрсын Алагөзов өз компаниясында 15 жылдан астам жұмыс істеген 100 қызметкерге 100 пәтер табыстаған болатын. Бұл бастама қоғамда кең талқыланып, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнес үлгісі ретінде бағаланған.

Биыл да кәсіпкер игі дәстүрін жалғастырып, Шымкенттегі сыра зауытында еңбек ететін қызметкерлерге 50 пәтер сыйға берді. Осылайша ол бірнеше жыл қатарынан жүздеген отбасының баспана мәселесін шешуге үлес қосып келеді.