Жаңа заң шыққан ба? Алматылық жүргізуші не үшін айыппұл арқалады?

Алматыда көлік жүргізуші қауіпсіздік белбеуін жанында тұрған пакетке тақпағаны үшін айыппұл арқалады. Бұл туралы Евгения есімді «Тредс» қолданушысы жазды. Айтуынша, жол жүру кезінде оның қасындағы жолаушының орындығында заттар болған. Бірақ пакетке қауіпсіздік белбеуі тағылмаған. Енді соның салдарынан айыппұл төлеуге тиіс екен.