Елде бензин қымбаттайтыны рас па?

Қазнетте жыл соңына дейін жанармай бағасының бір литрі 500 теңгеге дейін барады деген сыбыс тарады. Мұндай пікір иелерінің айтуынша әсіресе ең көп қолданылатын АИ-92-нің құны аспандайды. Қауесеттің тарауына көрші Ресей мемлекетінде болып жатқан жанармай тапшылығы себеп көрінеді. Ал шын мәнінде Қазақстандағы жағдай қандай?