Алтын 2,4% қымбаттады
Алтын бағасы әлемдік нарықта қайта өсті. Бүгін бағалы металл 2,4 пайызға қымбаттап, троя унциясы 3 мың 620 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды 24KZ.
Өткен аптада оның құны 9 пайызға арзандап, былтырғы қыркүйектен бері ең төмен деңгейге құлдыраған еді. Алтынмен қатар күміс 3,3 пайызға, ал платинаның құны шамамен 1,55 пайызға жоғарылады. Сарапшылар: «Бұл жолы бағалы металдардың қымбаттауына АҚШ долларының әлсіреуі себеп», – дейді. Таяуда Құрама Штаттарда инфляцияға қатысты есеп жариялануға тиіс. Бұл Федералды резерв жүйесінің ақша-несие саясатына әсер етеді. Инфляция ырық бермей тұрса, Америка Орталық банкі базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін. «Ал бұл алтынға сұранысты азайтады», – дейді сарапшылар.