Полиция қызға күлгені үшін айыппұл салғаны рас па?
«Полиция күлгенім үшін айыппұл салды». Әлеуметтік желіде бойжеткен түн ортасында ақырын даусым шыққаны үшін тәртіп сақшылары жауапқа тартты деген видео жариялады. Бойжеткеннің айтуы бойынша, оқиға ол көлік тізгіндеп жүргенде болған. Қала ішінде жол жүріп бара жатқан азаматшаны полицейлер: «Түнгі тыныштықты бұзып, музыканың даусын қатты шығардың!» деп айыптаған көрінеді.