Харассмент. Көзбен, сөзбен тиіскендер жазаланады
Қазіргі қоғамда әрбір әйел заты кемі өмірінде бір рет харассмент көрген. Иә, соңғы жылдары етене қолданысқа енген термин бізге тансық дей алмаймыз. Күштінің әлсізге әлімжеттігі, қорқытып, үркітуі, тіпті басшының қол астындағы қызметкерге қырындауы... Мұның бәрі - харассмент.