Малшыларға Үкімет тағы қандай жеңілдікті уәде етіп отыр?
«Мал баққанға бітеді» деген тәмсіл бар. Бірақ қазір ат басындай алтын берсең де, ешкімнің мал бағуға құлқы жоқ. Мәселен, интернеттегі мына хабарландыруларға көз жүгіртейікші: көмекші, бақташы, қойшы іздегендердің саны есепсіз. Айлық жалақысы – орта есеппен 300–500 мың теңге шамасында.