Қазақстан әлеуметтік салаға инвестиция салып, жеңілдіктер жүйесін қайта қарастырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саланы дамыту, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру және оқушыларды тегін тамақпен қамту мәселелеріне тоқталды. Соңғы жеті жылда бұл бағыттарға 88 триллион теңге бөлінген, деп хабарлайды 24KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Соңғы жеті жылда әлеуметтік саланы дамытуға 88 триллион теңге қаржы бөлінді. Мұны халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін салынған инвестиция деп қабылдаған жөн. Қазір барлық аймақта, әсіресе ауылдық жерлер мен шалғай елді мекендерде медициналық қызметтің сапасы артып келе жатыр. 2019 жылдан бері еліміз бойынша 1259 денсаулық сақтау мекемесі салынды. Конституциямызда ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі туралы айқын жазылды. Еліміздің азаматтары медициналық қызметтің 1 мыңнан астам түрін ақысыз алуға құқылы. Бұл, түптеп келгенде, бірегей әлеуметтік көмек десек, артық болмас. Сонымен қатар еліміздің әрбір мектебінде барлық бастауыш сынып оқушылары және әлеуметтік жағынан осал топтағы балалар, яғни бір миллион жеті жүз мыңнан астам оқушы ақысыз ыстық тамақ алуда. Елімізде неше түрлі әлеуметтік жеңілдіктер бар, тіпті олардың кейбірі жымқыру негізінде беріліп жатыр. Сондықтан қазір Үкімет бұл мәселені жан-жақты зерттеп, осы жұмыспен айналысуда.

Сондай-ақ оқыңыз: