Соңғы ескерту: Тоқаев бюджетті оңды-солды шашқандарға шүйлікті
Үкіметтің кеңейтілген отырысы. Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін жиынның жөні бөлек әдетте. Әкімдер мен министрлердің көңілі алай-дүлей. Оған себеп көп. Бұл жолы шенді-шекпендінің ешқайсы қызметімен қоштасқан жоқ. Дегенмен, сенім лимитін тауысуға жақын тұрғандардың жайы белгілі болғандай. Президенттің көңілі толмайтын тұстар жетерлік. Сын да, мін де айтылды. Сөзбен де, көзбен де түйреп өтті. Қарсы сұрақ қойып састырды.