Жыры бітпеген жол
Қазақстанда кедір-бұдыр жолды кездестіру үшін республикалық маңызы бар тас жолдарға немесе елді мекендерге барудың қажеті жоқ. Ойдым-ойдым жолдар еліміздің бас қаласында да бар. Біз қазір Төле би көшесінің бойында тұрмыз. Бұл Есілдің сол жағалауы, яғни Астананың элиталы ауданы. Өздеріңіз көріп тұрғандай көше жол көрмеген. Жалпы мұндай көріністер қалыпты жағдайға айналған. Мұның себебін Президент өзі айтты: саланы жемқорлық жайлаған, бәсеке жоқтың қасы. Тіпті проблемаларды шешу үшін арнайы Көлік министрлігі құрылды.
Ал Үкімет үйінің бір бұрышына жайғасқан ведомства жарты жылдан бері не тындырды? Су жаңа министрлік салаға қандай серпін береді? Арнайы жобада айтамыз.