Олимпиада алауы Францияға теңіз арқылы жіберілді
Парижде өтетін Жазғы Олимпиада алауы бүгін Грекиядан Францияға теңіз арқылы жіберілді.
«Мұхиттар эстафетасы» аясында бортында алауы бар «Белем» кемесі Реюньон аралына бет алды. Ол Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарын және Францияның бес теңізін кесіп өтеді. 8 мамырда алау Марсельге жеткеннен соң, алау эстафетасы басталады. Оған 10 мың алаугер қатысады. Айта кетейік, алауды 100-ге жуық полиция қызметкері күзетеді.