Цифрлық серпін: Жасанды интеллект дәуірі
Әлем жаңа жарысқа түсті. Бұл жолы бәсеке технология мен код арқылы жүріп жатыр. Осындай кезеңде Қазақстан үшін жасанды интеллектіні дамыту жай ғана тренд емес, стратегиялық қажеттілік. Себебі мұнай мен металдың дәуірі де біртіндеп өтеді. Түгесілмейтін ресурс бүгінде осы сандық технология болып отыр. Егер біз осы толқынға ілеспесек, сырттан келетін технологияға тәуелді болып қалу қаупі бар. Ал Alem.ai — сол тәуелділіктің алдын алуға бағытталған маңызды қадам.