АҚШ мұнай бойынша келісімді орындады

Мұны Құрама Штаттардың Энергетика министрлігі хабарлады. Биыл наурызда Халықаралық энергетикалық агенттікке мүше елдер 400 млн баррель қара алтынды әлемдік нарыққа шығаруға келіскен еді, деп хабарлайды 24KZ.

Мұның 172 млн баррелі АҚШ-қа тиесілі. Вашингтон билігі нарыққа соңғы 40 млн баррелін жеткіздік деп мәлімдеді. Енді Құрама Штаттар стратегиялық қорды қайта толтыруға тиіс. 2027 жылы қоймаға 216 млн баррель қара алтын жинайды. АҚШ-тың мұнай қоры азайып барады. Кейінгі дерек бойынша қазір қоймасында 282 млн 700 мың қара алтын қалған. Бұл – кейінгі 44 жылдағы ең төмен көрсеткіш.

Сондай-ақ оқыңыз: