Темір тордың ар жағындағы екінші мүмкіндік
Темір есік. Темір тор. Темір тәртіп. Көпшілік түзету мекемесін осындай ұғыммен елестетеді. Бірақ бұл қабырғалардың ар жағында да өмір жалғасып жатыр. Бірі өткен қателігін сараласа, енді бірі бостандыққа шыққаннан кейінгі күндерін ойлайды. Бүгінде түзету мекемелеріндегі басты міндеттің бірі – сотталған адамды қоғамға қайта бейімдеу. Сол үшін еңбекке басымдық беріліп отыр. Жамбыл облысында мыңдаған жазасын өтеуші кәсіпкерлік нысандарда жұмыс істейді. Табыс табады. Мамандық меңгереді. Отбасына көмектеседі. Бұл – оларға берілген екінші мүмкіндік іспеттес.