Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжіне 110 жыл толды

Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі – еліміздегі ежелгі медициналық оқу орны. 1916 жылы Орал қаласында ашылған фельдшерлік-акушерлік мектепте осы 110 жылда 25 мыңдай маман білім алыпты. Олар тек Орал өңірінің емес, тұтас еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.