Жүлдеге қоры 45 млн теңге: Елордада ең үздік қымызшылар сайысқа түсті
Әдетте шабандоздар мен дарабоздарды жинап, спорттық сайыстар өтетін «Қазанат» атшабары бұл күндері рухани алаңға айналды. Дәм мен дәстүрді дәріптеген мерекеге 70 мыңнан аса адам жиналды. Елдегі ең үздік қымызды анықтайтын жарыстың жалпы жүлде қоры – 45 млн теңге.