Бір шешім – бірнеше адамды құтқарады | Арнайы репортаж

Өскемен қаласының ауруханасы. Алматыдағы Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының дәрігерлері түн жарымда шұғыл осында жетті. Себебі қайтыс болған азаматтың туысқандары мәйіттік донорлыққа рұқсат беріпті. Енді оның бауыры циррозға шалдыққан науқасқа салынады. Донорлық ағза Алматыға жеткізілгенше, дәрігерлердің екінші тобы науқасты операцияға дайындады. 51 жастағы әйелдің ауыр дертке шалдыққанына біраз жыл болыпты. Енді, міне, сөнуге шақ қалған үміт оты қайта жанғандай. 

Сондай-ақ оқыңыз: