Арнайы репортаж. Павлодар өңірінің инвестициялық әлеуеті артты
2015 жыл инвестиция тартымдылығы жағынан Павлодар облысы үшін сәтті жыл болды.
Өңірдің экономикасына 336 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл соңғы бірнеше жылда қол жеткізген рекордты көрсеткіш. Инвестицияның басым бөлігі 180 млрд теңге немесе 53 пайызы өңдеу кәсіпорындарына тиесілі. Бұған республикалық және аймақтық индустрияландыру картасының белсенді жүзеге асуы өз ықпалын тигізді. Толығырақ аймақтағы тілшіміз Карлығаш Қасиетованың арнайы репортажында.