Әскер KZ. Отандық броньдалған әскери көліктер
«Арлан» әскери көлігі Қазақстанда шығарыла бастаған алғашқы броньді көліктердің бірі.
Тосын шабуылдан барынша қорғанған көлік оқ өткізбейді. Қоршауда қалған адамдарды аман-есен алып шығуға арналған. «Арлан» әскери көлігінің тағы қандай мүмкіндіктері бар? Орталық Азияда алғаш рет жүзеге асырылған жоба бізге не береді?