Астана. Ғасырлар таңбасы мен табы қалған жәдігерлер
Ұлттық мұражай қала күнінде ашылған еді. Қала қонақтары мен тұрғындары тамашалап, рухани азық алып, көкейдегі тарихи сұрақтарына жауап алады.
Мұнда дүйсенбіден басқа күндерде сағат 18:00-ге дейін, ал сәрсенбі күндері сағат 21:00-ге дейін есік ашық. «Астана», «Тәуелсіз Қазақстан», «Алтын», «Ежелгі және орта ғасыр тарихы», «Этнография», «Тарих» және «Заманауи өнер» деп аталатын сегіз залдан тұрады. Ұлттық мұражай ғасырлардың таңбасы мен табы қалған жәдігерлер, археологиялық, этнографиялық және мәдени ескерткіштермен толыққан. Ғимараттың жалпы аумағы – 74 мың шаршы метр.