«Астана». Ішкі істер департаментінде қызмет істейтін ерлі-зайыпты

Николайды жұмыстан келгенде балалары «әке» деп қарсы алады.

Ол қоғамдық тәртіп сақшылығында жүргенде үй тәртібіне кішкентай ұлы Ислам жауапты. Ол – кішкентай қарындасы Илананың қорғаны, анасы Жаннаның қолқанаты. Береке-бірлігі, ынтымағы жарасқан жас отбасында Ішкі істер департаментінің 2 қызметкері бар. Ерлі-зайыпты Николай мен Жанна осы салада жүріп, жақын танысып, табысып, шаңырақ көтерген. Олардың ұлттары, діні бөлек болса да, оларды ізгі сезімнен бөлек, қазақ тіліне деген құрмет біріктірді.