Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Автриялық дизайнер смартфондардан оңай құтылуға мүмкіндік беретін құрылғыны таныстырды

Венадағы дизайн апталығында автриялық дизайнер Клеменс Шилингер смартфондардан оңай құтылуға мүмкіндік беретін құрылғыны көпшілік назарына ұсынды. Сырт пішіні смартфон тәрізді қара түсті пластиктен жасалған бұйымға айналып тұратын дөңгелектер орнатылған. Дөңгелектерді саусағымен түрткілеген адам, телефон экранын парақтағандай әсерде болады. Дизайнердің сөзінше, телефонға алаңдаған адамның жұмысы уақытылы орындалмай қалады. Сондықтан аталмыш құрылғыны ойлап тапқан.