Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Нидерландылық психологтар бір көргеннен құлай сүюге сенбейді екен

The Independent басылымының жауынша, нидерландылық психологтар бір көргеннен құлай сүюге сенбейді екен. Себебі ғалымдар аталған құбылыстың жұмбағын шешуге тырысыпты. Ғаламтор беттерінде жүргізілген сауалнама түріндегі зерттеудің алғашқы кезеңіне 396 адам қатысқан. Оның 60 пайызын әйел адамдар құраған.