Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Немістер қоқысты қайта өңдеуден Еуропа чемпионы
Немістер қоқысты қайта өңдеуден Еуропа чемпионы,- деп жазады Welt басылымы. Еуропадағы ешбір мемлекет Германия секілді керексіз қалдықтарды қайта өңдеуді жоғары деңгейде атқара алмай келеді. ГФР-де шығарылған қоқыстың 66% қайта өңделгеннен кейін пайдалануға жарамды болса, Еуропадағы орташа көрсеткіш - 46%. Бірақ немістер Еуроодақтың өзге елдерімен салыстырғанда қоқыс шығарудан да алда тұр.