Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Жаңа Зеландиядағы супермаркетте «тыныштық сағаты» енгізілді

Жаңа Зеландиядағы супермаркет аутизм дертіне шалдыққан жандар үшін «тыныштық сағатын» енгізді, деп баяндайды «Нью Зеланд Херальд». Мартон қаласындағы Countdown әмбебап дүкені жаңа бастама көтеріп отыр. Осылайша әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 15-16 аралығында сауда орталығында музыка ажыратылады, жарық өшіріліп, қызметкерлер де келушілерді көп мазаламауға тырысады. Бұл идеяны супермаркет қызметкері Ларе Хогг ұсыныпты. Оның 13 жастағы ұлы Хантер осындай ауыр науқасқа шалдыққан екен. Дүкен менеджері акцияны қолдап, алғашқы «тыныштық сағаты» 4 сәуірде өткізілді.