Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Кубада Кастродан кейінгі кезең басталды
Кубада Кастродан кейінгі кезең басталды, деп жазады «Тагес Анцайгер». 86 жастағы Рауль Кастро өзінен кейінгілерге жақсы өнеге көрсеткісі келсе керек, соңғы жылдары жастарға жол беріп, аға буынның алмасар уақыты ақыры келгенін паш етті. Осылайша 58 жастағы Мигель Диас-Канель мемлекет басшысы болуға лайық деп танылды.