Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Литвада тұтас ауылдар жоғалуда
Литвада тұтас ауылдар жоғалып барады. Туған жерінен бас сауғалаған еңбекке жарамды тұрғындар легін қалай тоқтатуға болады? «Делфи» басылымының авторы Витаутас Венславишкистің жазуынша, бүгінде Литва жерінің жартысынан астамы ірі жер иеленшуілер мен латифундистердің меншігінде. Бұған шағын ауылдар төтеп бере алар емес. Алпауыттардың кесірінен шағын шаруашылықтар бәсекеге қабілетті болуға қауқарсыз. Фермерлік кәсіптен ештеме шықпайтынын білген жастар бұдан бас тартады. Енді аграрлық сектор сарапшылары қаржылай көмекті қазіргідей ірі фермерлерге емес, орта дәулетті және шағын шаруашылықтарға беру керек деген ұсыныс айтып отыр.