Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Қазақстан еуропалық іскер топ өкілдерін елге инвестиция құюға шақырып отыр
Қазақстан еуропалық іскер топ өкілдерін елге инвестиция құюға шақырып отыр. «ЭзеНьюс» ресурсы Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге жасаған сапары туралы жазыпты. Еуропалық іскер топ өкілдерінің алдында сөз сөйлеген Қазақстан басшысы Еуропа елдері республиканың аса маңызды сауда, экономикалық және инвестициялық әріптестері екеніне кеңінен тоқталған.