Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Пластик қоқысқа қарсы жаһандық күреске 250-ден астам компания бірікті

Пластик қоқысқа қарсы жаһандық күреске 250-ден астам компания бірігіп отыр. Бүгінде пластик қалдықтардың көбеюі ел үкіметтері мен қоғам назарын өзіне аударып отыр. Бір рет қана пайдаланылар бұйымдарды қолдануға тыйым салған Еурокомиссияның шешімі ластануға қарсы күрес жолындағы маңызды қадам болды. Алайда осы тыйымдарға қарамастан, пластик қоқыстар мен қалдықтар орасан зор мөлшерде мұхит суына ағып жатыр. Бұдан төнген қауіптің ауқымын айтып тауысу мүмкін емес. Қазан айының соңында 250-ден астам адам қатысқан Балидегі конференцияда осы мәселе кеңінен талқыланып, әлемдік мұхитты қорғау жайы сөз болды. Жиында сөз алған бизнес өкілдері, инвесторлар мен үкімет мүшелері пластик қалдықтарға қарсы күрес туралы жаңа бастама туралы жария етті.