Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Испан тұмауы тағы қайталануы мүмкін бе?
Осыдан жүз жыл бұрын елді дүрліктірген испан тұмауы тағы қайталануы мүмкін бе? Финдік «Юле» басылымы аурудың қайтадан бас көтеруі ықтимал екендігін жазыпты. Бұл індеттен көз жұмған адамдардың саны кезінде Бірінші жаһан соғысында қаза тапқандардан да көп екен. Сол кезде 50-100 миллион адам баудай түскен. Бұл - жер шары тұрғындарының 2,5-5 пайызы. Мельбурн университетінің мәліметінше, ауру қайтадан бас көтерсе, 150 миллион адамның қырылуы мүмкін. Бірақ ажал вирусы адам иммунитеті әлсіз болғанда ғана кеңінен таралады.