Батырлар елі. Степан Борозенец
Ол 1943 жылдың қазанында 1-ші Белоруссия майданына жіберілді.
199-шы Слоним шабуылдаушы әуе дивизиясының 569-шы шабуылдаушы әуе полкінің звено командирі болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында ұшқыш болған Борозенец 100-ден астам жауынгерлік тапсырманы орындаған. Жаудың Шығыс Пруссиядағы тобын жоюға, «Данцинг Гдынь» операциясына, Одер өзенінің батыс жағалауындағы қарсыластың күшейтілген бекінісін басып алуға қатысты. Батырдың майдан даласындағы ерлігі осы шығарылымда.