Пәтерді өзің жөндеу тиімді ме?
Пәтер іздеген әрбір адам әрдайым дайын жөндеуі бар үй алған дұрыс па, әлде арзанырақ алып, өзің жөндеген тиімді ме деп екіұдай күйде болады. Бір қарағанда, арзан баға ұтымды көрінгенімен, іс жүзінде бұл шешімнің астарында көптеген жасырын шығын мен қиындық жатуы мүмкін. Сондықтан «Арзанның жілігі татымас» дегендей, нарықтағы нақты есеп пен мүмкіндіктерді алдын ала «Білген абзал».