Блогерлер 2.0. Әлемді қалай өзгертемін?

fishki.net

Қазақстанды қалай өзгертемін? Осы ойды ойлап, титықтап кетсеңіз Айсәуле Әбілдаева тығырықтан шығар жолды тауып қойыпты. Қалай дейсіз бе?

Әлеуметтік желідегілер Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап El.kz жариялаған «25 жыл: Бір ел. Бір тағдыр» акциясын қолдады. Айналдырған 2-3 күннің ішінде 70 мың адам өзінің аватарын осы сайт арқылы 16 эффектінің бірін таңдап өзгертті. Тіпті әлемдік шоу бизнес өкілерді де осы акцияға қосылып кетті.

Бүгінгі шығарылымда сіздер Астанада өткен «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысты Нұрсерік Жолбарыстың пікірін, Facebook-те кеңінен талқыланып, 95 рет бөлісілген Гүлбағыш Бостанның ой тізбегін, аптаның ең жақсы постын ұсынған Жандос Құсайыновтың жазбаларын көре аласыз.