Блогерлер 2.0. Бокс қызға тән спорт па?

vk.com

Өткен аптада әйелдер арасында бокстан Әлем чемпионаты өтті. Қазақстандық боксшы қыздар бұл ойында қанжығаларына 4 алтын байлады.

Дегенмен желі қолданушылары нәзікжандыларға бұл спорт түрімен айналысу қаншалықты керек деген сұрақты қызу талқыға салды. Кім, не дейді?

Әлеуметтік желідегі белсенді, танымал қолданушыларды Аршат Ораз «жебе» деп атауды ұсынып отыр. Яғни, желі белсенділері. Сіз бұған не дейсіз?

Бала мүмкіндігін шектемеу керек. Бұл Батыстың біз қызығатын жақсы тұстары жайлы айтқан Мұрат Есжанның пікірі. Бірге оқып көрейік.