Дархан дала. Ауыр өнеркәсіп дамыған өлке

Қарағанды облысы аумағы жағынан Қазақстанның ірі аймақтарының бірі. Халық ең көп шоғырланған өлке.

Мұндағы өнеркәсіптің әлеуеті де зор. Жер қойнауы минерал мен шикізатқа бай. Өңірде жергілікті шахталарға қызмет көрсететін 1941 жылы құрылған көне зауыт бар. Оның жаңа тарихы 2000 жылы басталды. Мыс алыбы тапсырыспен жұмыс істейді. Сондай-ақ бұл жерде металл құрылымды алып зауыт пен сүт өнімдерінің 25 түрін өндіретін фабрика да орналасқан. Өнеркәсібі өркендеген аймақ жайлы осы бағдарламадан көре аласыздар.