Дархан дала. Ақмола облысы: қызыққа толы қысқы саяхат

Ақмола облысы 146 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр.

Мұнда қысқы демалыс маусымы басқа өңірлерге қарағанда ұзақ. Алайда бұл жерде демалысты қызықты өткізуге мүмкіндік көп. Өңірде сіздер үшін өте қолайлы демалыс аймақтар орналасқан. Онда сіздер иттер жегілген шананы басқарып, шаңғымен сырғанап, естен кетпес ерекше әсер қалдыратын Щучье көлінің мұз айдынындағы дрифт-шоуды тамашалай аласыздар. Өңірдегі Бурабай, «Елікті» тау шаңғысы базасында «Дархан дала» бағдарламасының түсірілім тобы да болып қайтты.