Дархан дала. Гүлденген Алматы
Қазақстан тек апорт алманың ғана емес, көктемде даланы қырмызы кілемге бөлейтін қызғалдақтың да отаны. Сайын даланың бұл гүл өспейтін жері кемде-кем.
Жалпы қызғалдақтың жабайы өсетін 100-ге тарта түрі болса, соның 37-сі осы елімізде өседі. Ал оның 18-і отандық Қызық кітапқа енгізілген.
«Дархан дала» бағдарламасының түсірілім тобы бүгін сіздерді осы гүлдерді өсіретін жылыжаймен таныстырмақ. Онда қызғалдақтың 40-қа жуық түрі өсіріледі. Сондай-ақ Іле Алатауының баурайында ширек ғасыр бойы жойылып бара жатқан жыртқыш құстардың популяциясымен айналысатын «Сұңқар» питомнигі мен ғасырлар қойнауынан бүгінге дейін мәнісі бұзбай жеткізілген қолөнер де шығарылым тақырыбына арқау болады.