Дархан дала. Келешегі кемел Еңбекшіқазақ ауданы

Жанға жайлы демалыс орнын іздесеңіз оны Еңбекшіқазақ ауданынан табасыз.

Осыдан 3 жыл бұрын Түрген шатқалының өзен жағасында ашылған бұл жер жан мен тәнді сауықтыратын белсенді демалыс орны десек те болады. Келешекте дәрігерлік емдеу шараларын қосу да жоспарда бар. «Дархан дала» бағдарламасының түсірілім тобы сіздерді Еңбекшіқазақ ауданымен таныстырады. Бүгінгі шығарылымда іргесі 2015 жылы қаланған Қаракемер кәсіптік колледжі жайында айтамыз. 4 мамандық бойынша 100 студент білім алатын онда барлығы тегін оқып, шәкіртақы алады. Студенттерге арналған 500 орындық жатақхана мен келешекте тағы 500 студент оқитын ғимарат та бар. Сондай-ақ мәдени ошақ пен балық шаруашылығы да тақырыпқа арқау болмақ.