Саяхаттағы сынақ: Рахман қайнарына апарар жол
Рахман қайнарына апарар жол қазір қарқынды жөнделіп жатыр. Жақын арада бұл жол толық жаңарып, жүргіншіге де, көліктерге де жайлы бағытқа айналады. Яғни, шығыс жауһарына бару енді арнайы барлау көліктерін талап етпейді, кәдімгі седан көліктерімен де қауіпсіз жетуге болады. Осылайша туристік тарих біздің көз алдымызда өзгеріп жатыр.