Шымкент қаласының туризм әлеуеті қандай?
Әлемді шарлаған әрбір саяхатшының өз көздегені болады. Біреуі жаңа таңғажайып орындарды іздесе, екіншісі тарихпен терең танысқысы келеді. Ал тағы басқасы кезекті аймақты гастрономиялық мәдениеті жағынан танып білгісі келеді. Саяхаттың бұл түрі, дәл мәдениеттің өзі сияқты, гастрономиялық туризм деп аталады. Әрине, біреу олай емес деп, жоққа шығаруы мүмкін, бірақ мен үшін Шымкент – еліміздегі гастрономиялық туризмнің нағыз астанасы. Тағамның түрлілігіне таң қалып жүргенде, қалай күні бойы астан бас көтермегеніңізді байқамай да қаласыз. Әйтсе де ең таң қалдыратын және қызықтыратын нәрсе – инновацияланған процесс пен өзгеше шешімдер.