Экономика. Қазақстан мемлекет пен қоғамды цифрландыруға бет бұрды

Қазақстан мемлекет пен қоғамды цифрландыруға бет бұрды. Әрине, мұндай ауқымды жобаға ат үсті қарауға болмайды. Оны жүзеге асыру үшін әуелі бірқатар мәселені шешіп алу қажет. Сонымен бірге, анағұрлым көп ұйым мен азаматты кеңжолақты ғаламтормен қамтамасыз етіп алған абзал. Бұл не үшін қажет? Біріншіден, жаппай компьютерлендіру дәуірінде біздің әрқайсымыз қызмет барысында технологияның кереметін сезіндік. Біз жалақыны чиптендірілген пластикалық карта арқылы аламыз. Сауда-саттықты да осы бүкіләлемдік тор арқылы жасаймыз. Үйден шықпай-ақ коммуналдық төлем жасап, анықтама аламыз. Тағысын тағы, тізіп айта берсек толып жатыр. Екіншіден, мәлеміттерді беру жылдамдығының артуына орай, жөнелтілетін ақпарат көлемі де көбеюде. Бұл өз кезегінде байланыс арнасын кеңейтуді қажет етеді. Үшіншіден, бұл мемлекет пен жеке кәсіпорындар үшін стратегиялық маңызға ие. Басты бағытта агроөнеркәсіп секторы тұр.