Экономика. Беларусь экономикасы қиын кезеңде
Қазақстан жаңалықтары
- Сәуірдің қорытындысы бойынша, елдің бизнес-тіркеушісі 140 мыңға жуық шағын белсенді компанияны тіркеген. Бұл наурыздағыдан 0,4%-ке көп және бір жыл бұрынғыдан 8,1%-ке артық
- Қытай-қазақстан азық-түлік индустриясы кәсіпкерлері қауымдастығының президенті - Кемелхан Әбілеков, журналистерге, Қытай 2018 жылы Қазақстанның ауыл шаруашылығына 200 млн доллар инвестиция құяды, деп хабарлады
- Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасына импорт көлемі 7 млрд 300 млн долларға жеткен. Бұл бір жыл бұрынғыдан 19,4%-ке артық
- Қазақстандық KAZ Minerals, Роман Абрамович, Александр Абрамов және серіктестерге тиесілі, Чукоткадағы ірі Баимск кен орнына күрес жолында «Норникель»-ді басып озды
Әлем жаңалықтары
- Қытай билігі 1 шілдеден бастап, импорттық баждарды 1,4 мың халықтық тұтыну тауарына төмендету туралы шешім қабылдады. Тарифтердің орташа деңгейі 15,5%-тен 6,9%-ке дейін қысқарады, делінген Қытай халық республикасының мемлекеттік кеңесі жариялаған құжатта
- Ресейлік 25 миллиардердің жиынтық байлығы 2018 жылдың қаңтар-мамырында, 146,6 миллион долларға азайған
- S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі, немістің ірі банкі Deutsche Bank ұзақмермізді несиелік рейтингін «А»-дан «ВВВ+»-ке дейін төмендетті
- ЕуроОдақ, Дүниежүзілік сауда ұйымы елдері қоғамдастығы аясында, металға баждарды шығару жөніндегі АҚШ-тың шешімін қайта даулап алды
Сараптама
Беларусь республикасының экономикасы қиын кезеңді өткеріп жатыр. Әлемдік экономикалық дағдарыс біздің сауда серіктесімізді де айналып өтпеді. Соңғы бірнеше жылда елдің ЖІӨ-мі тең жартысына жуығын жоғалтты. 2014 жылы 76 млрд доллар болса, 2016 жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 48 млрд долларға дейін құлдыраған. Дегенме, өткен жылы бұл елдің экономикасы азғана өсім көрсетті.