Экономика. «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы
Қазақстан жаңалықтары
- Биылғы тоғыз айда Қазақстан мен Қытайдың өзара сауда-саттығы 7 млрд 251 млн 200 мың доллардан асты
- «7-20-25» бағдарламасы аясында ел азаматтарының 2513 өтініші мақұлданды
- 2019 жылға қарай ел аумағында еңбек шарттары онлайн жүйеде бекітіле бастайды
- Биылғы қыркүйекте Қазақстанда ең төменгі күнкөріс шегінің орташа көлемі 28 мың 700 теңге болды. Бұл өткен жылғыдан 14,1 процентке көп
Әлем жаңалықтары
- Американың HalliburtonInc мұнайсервистік компаниясы биылғы 9 айда 992 млн доллар таза табыс тапты. Компанияның мәліметінше бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,7 есе көп
Сараптама
«Сарыарқа» магистралді газ құбырының жобалық-сметалық құжаттары дайын болды. Мега-жоба 4 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңге жататын жұмыстар осы жылдың соңына дейін басталады. Сонымен орталық және солтүстік өңірлердің 2,5 млн халқы қашан газбен қамтылады? Бүгінгі шолуымыз осы тақырыпқа арналады. (спикер: Қияқбаев З.- ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры)