Экономика. Қазақстандағы автобустар өндірісі
Қазақстан жаңалықтары
- Қазақстандықтар ел банктеріне сенеді. Үштен екі бөлігі мерзімді депозиттерін 1 жылдан артық уақытқа ашқан
- Қазақстанда қаңтар мен қыркүйек аралығында 180 мың тонна қант өндірілді. Бұл былтырғыдан 27 процентке аз
- Ел азаматтарының зейнетақы жинақтары қыркүйектің соңына қарай 8 трлн 900 млрд теңгеге жетіп, 17,9 процент өсім көрсетті
Әлем жаңалықтары
- Apple-дің біржылдық табысы 14 млрд доллардан асып, бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті
Сараптама
Өзгенікін таңсық көре ме, әйтеуір біздің кәсіпкерлер өз өнімімізге үйір емес. Әңгіме отандық автобустар жайлы. Қазақстандағы автопарктер әбден ескірген, білесіз. Тасымалдаушы компаниялар қал-қадірінше оны жаңартуға тырысып жатыр. Бірақ қоғамдық көліктің жаңасын шетелден әкеледі. Бұған не себеп? Жағдайдың оңалту үшін мемлекет қандай қадамға бармақ? (спикерлер: Сыздықова А.- ҚР ИДМ индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті басқармасының бас сарапшысы; Дарынов Ж.- «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ сараптау бөлімінің басшысы)