Экономика. Қарапайым заттардың экономикасы

Қазақстан жаңалықтары

-          Кентауда геобарлау жұмыстары жанданды. Кен орнынан қорғасын, мырыш, мыс, алтын және бариттің мол қоры табылған

-          Еліміздегі сақтандыру компаниялары қыркүйек айының соңына қарай активтерін 7 процентке артты. Жалпы сома 988 млрд теңгеден асады

-          Ал, ел банктерінің жеке капиталы қыркүйек айында 2 процентке өсіп, 2 трлн 900 млрд теңгеге жетті

-          Қазақстан компанияларындағы азот тыңайтқышының өндірісі бір жылда 5 процентке азайды. Ал фосфор тыңайтқышының көлемі 1 процентке кеміген

Сараптама

Білгірлер ел дамуы мен оның экономикалық көрсеткішінің негізгі факторы Адам капиталы деседі. Келіспеске шара жоқ. Рас, бұрын бұл ұғым  жеке адамның бойындағы бай рухани құндылық ретінде өлшенді, қазір мұқым елдің қуатты экономикалық көрсеткіші ретінде бағаланады. Біздің билік бұны жақсы түсінеді. Тағы бір маңызды дүние бар. Халықтың күнделікті қажетті тауарлары ел ішінде шығарылса ләзім. Қазақстан енді осы бағыттағы ұпайын да түгендемек. (дәйексөз:   Назарбаев Н.- ҚР Президенті; спикерлер:  Оңалбаев Қ.- Зерттеу институтының жобалар үйлестірушісі; Базил Н.- «Атамекен» ҰКП департамент ди⁠ректорының орынбасары)