Қазақстанда ең жоғары және ең төменгі жалақы қай өңірде тіркелді?
Ұлытау облысы жалақы деңгейі бойынша Қазақстанда көш бастады, деп хабарлайды «24KZ».
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы жылдың бірінші тоқсанында мұндағы орташа айлық жалақы 637 324 теңгені құрады. Бұл елдегі орташа көрсеткіштен 192 мың теңгеге жоғары.
Көшбасшылар қатарында Атырау және Маңғыстау облыстары да бар – шамамен 610 мың теңгеден. Сондай-ақ үздік бестікке Астана - 559 894 теңге мен Алматы - 551 597 теңге қалалары кірді.
Ал ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан - 308 334 теңге, Жамбыл 319 820 теңге және Түркістан 324 972 теңге облыстарында тіркелді.