Зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беретін жастар артты

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын толығымен басқарушы компанияларға аудара алады. Жаңа ереже осыдан бір ай бұрын күшіне енген еді. Осы мүмкіндікті жас салымшылар белсенді пайдаланып жатқаны белгілі болды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры таратқан мәліметке сүйенсек, осы күнге дейін 180 млрд теңгеге жуық қаражат жеке басқарушы компанияларға аударылған. Соның 40 пайыздан астамы – 30 бен 39 жас аралығындағы салымшылардың еншісінде. Бұл шамамен – 73 млрд теңге. Одан кейін 40 пен 49 жас аралығындағы салымшылар белсенді. Олардың үлесі – 59,4 млрд теңге. Ал 60 жастан асқан азаматтар зейнетақы жинақтарын жеке басқарушыларға беруге асықпайды. Барлық аударымның не бары 0,6 пайызы – осы егде жастағы салымшыларға тиесілі. 

Сондай-ақ оқыңыз: