«Даму» қоры бизнеске қалай көмектесе алады?
Қазақстанда жұмысқа жарамды азаматтардың жартысына жуығы табысын шағын және орта бизнестен тауып отыр. Соңғы 5 жылда осы секторда еңбек ететін адам саны 4 жарым миллионға жетті. Оларға мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсетілуде. Мәселен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына жүгінген азаматтар шаруаларын кеңейтіп, табысын арттыруға мүмкіндік алған. Бұл қорға қалай жүгінуге болады және олар қандай қызмет түрлерін ұсынады?