Энергетика саласына қажет маман саны нақтыланады

Энергетика саласына қажет маман саны қайта есептеледі. Көрсеткіш кәсіпорындардағы нақты жұмыс жүктемесіне қарай анықталмақ. Бұл іске Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты кірісті.

Мамандар энергетикалық мекемелердегі еңбек барысын зерттеуді бастап кетті. Олар жұмысшылардың күнделікті міндеттерімен танысып, әр жұмыстың қанша уақыт алатынын тіркейді. 

Сондай-ақ кәсіпорындағы жабдықтардың саны, автоматтандыру деңгейі, электр және жылу желілерінің көлемі ескеріледі. Жалпы зерттеу Астана, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы, сондай-ақ Екібастұздағы пилоттық алаңдарда жүргізіледі. Зерттеу желтоқсанның басына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз: